2015 жылғы 9 маусым, Астана қаласы
Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру қағидаларын бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 43) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) белгіленген заңнамалық тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынылуын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебелерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 293 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9676 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінің № 8 (28486) нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі С.Ж. Мұсайбековке жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы М.ӘЗІЛХАНОВ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
2015 жылғы 9 маусымда №209 бұйрығымен бекітілген
Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне
«мамандандырылған» деген мәртебе беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалары) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру тәртібін айқындайды.
2. Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе осы спорт мектептерінің және спорт түрлерінен бөлімшелердің қызметкерлерін материалдық ынталандыру, сондай-ақ олардың жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауға және Қазақстан Республикасы құрама командаларының резервін дайындауға мүддесін арттыру мақсатында беріледі.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебелерін беру туралы шешім қабылдайтын орган болып табылады.
2. Мәртебелерді беру тәртібі
5. Спорт мектептеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру үшін мынадай шарттар сақталады:
1) өз меншігінде немесе жалға алынған спорттық объектінің (үй-жайдың) болуы;
2) әр жұмыс істеп жатқан «мамандандырылған» спорт мектептерінің спорт түрінен бөлімшелердің әрқайсысында кемінде 4 адамнан тұратын жаттықтырушы-оқытушылық құрамның болуы;
3) «Қазақстан Республикасының спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағы бар спортшылардың, республикалық және халықаралық жарыстардың спорттық нәтижелерінің (чемпион мен жүлдегер) болуы;
4) кемінде 2/3 бөлігінде спорт түрінен мамандандырылған бөлімшелердің болуы;
5) спорт мектебі спортшыларының тұрақты медициналық тексеруден өтуі туралы спорт мектебі мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында жасасқан шарттың болуы.
6. Спорт мектептерінің спорт түрлері бойынша бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру үшін мына шарттар сақталады:
1) спорт түрі бойынша бөлімшелер өз қызметін жүзеге асыратын спорт мектептерінің өз меншігінде немесе жалға алынған спорттық объектінің (үй-жайдың) болуы;
2) спорт түрлері бойынша бөлімшелерде кемінде 4 адамнан тұратын жаттықтырушы-оқытушылық құрамының болуы;
3) спорт түрлері бойынша бөлімшелерде «Қазақстан Республикасы спорт шеберіне үміткер», «Қазақстан Республикасының спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағы, республикалық және халықаралық жарыстардың спорт нәтижелері (чемпион мен жүлдегер) бар спортшылардың болуы;
4) спорт түрлері бойынша бөлімшелерде кемінде екі спорттық жетілдіру тобының болуы (бір спорттық жетілдіру тобында шұғылданушы адамдар саны дамытылатын спорт түріне қарай 2 адамнан бастап 6 дейін адамды құрайды).
5) спорт мектебінің және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық мекемелер арасында спорт түрлері бойынша бөлімшелер оқушыларының медициналық тексеруден тұрақты өтуі туралы жасасқан шарттың болуы.
7. Спорт мектептеріне және спорт мектептері бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе оны жергілікті атқарушы орган берген күнінен бастап төрт жыл бойы қолданыста болады.
8. Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру үшін спорт мектебінің директоры тиісті жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың 9, 10 – тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы өтініш береді.
9. Спорт мектептеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру үшін қажетті құжаттар:
1) спорт мектебінің мөрі қойылып, спорт мектебі басшысы қол қойған спорт мектептеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы қолдаухат;
2) спорт мектебіне жататын спорттық объектіге (үй-жайға) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері немесе спорт мектебінің оқушылары спортпен шұғылданатын спорттық объектіні (үй-жайды) жалға алу шартының көшірмесі;
3) спорт мектебінің және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық мекемелер арасында спорт түрлері бойынша бөлімшелер оқушыларының медициналық тексеруден тұрақты өтуі туралы жасасқан қолданыстағы шарттың көшірмесі.
4) жаттықтырушы-оқытушылық құрамының санын, олардың тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) растайтын құжаттарды қоса беріп, спорттық атақтарын, спорттық нәтижелерін көрсете отырып, спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылық құрам туралы спорт мектебінің штаттық саны туралы анықтама.
10. Спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру үшін қажетті құжаттар:
1) спорт мектебінің мөрі қойылып, спорт мектебі басшысы қол қойған спорт мектептеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы қолдаухат;
2) спорт түрлерінен бөлімшелердің оқушылары спортпен шұғылданатын спорт мектебіне жататын спорттық объектіге (үй-жайға) құқық белгілейтін құжаттардың немесе спорт түрлерінен бөлімшелердің оқушылары спортпен шұғылданатын спорт мектебімен жасасқан спорттық объектіні (үй-жайды) жалға алу шартының көшірмесі;
3) спорт мектебінің және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық мекемелер арасында спорт түрлері бойынша бөлімшелер оқушыларының медициналық тексеруден тұрақты өтуі туралы жасасқан қолданыстағы шарттың көшірмесі.
4) жергілікті атқарушы орган бекіткен спортпен шұғылданатын адамдардың тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) көрсете отырып, спорттық жетілдіру топтарының тізімдері.
5) жаттықтырушы-оқытушылық құрамының санын, олардың тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) растайтын құжаттарды қоса беріп, спорттық нәтижелерін көрсете отырып, спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылық құрам туралы, спорт мектебінің штаттық саны туралы анықтама.
11. Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беруге ұсынылған құжаттарды жергілікті атқарушы орган оларды тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қарайды.
12. Жергілікті атқарушы орган ұсынылған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мерзімге спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
13. Спорт мектептеріне «мамандандырылған» деген мәртебе мынадай негіздемелер бойынша беруден бас тартылады:
1) Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаса;
2) спорт мектептері Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келмесе берілмейді.
14. Спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе мынадай негіздер бойынша беруден бас тартылады:
1) Қағиданың 10-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаса;
2) спорт мектептері бөлімшелерінің Қағиданың 6-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келмесе берілмейді.
15. Спорт мектептеріне немесе спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру жергілікті атқарушы органның шешімімен ресімделеді, спорт мектептеріне немесе спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беруден бас тарту туралы хатпен ресімделеді.
Шешім немесе хат көшірмелері спорт мектебінің басшысына Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мерзімде жіберіледі.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 10 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11642 болып енгізілді.